Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ "ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" МЕШІТІНДЕ ҚҰРАННЫҢ ӨМІРЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ (ФОТО)

Әсет Бектұр www.muftyat.kz 10.01.2018 4885 0 пікір
БАС МҮФТИ "ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" МЕШІТІНДЕ ҚҰРАННЫҢ ӨМІРЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ (ФОТО)

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Әзірет Сұлтан» мешітінде ақшам намазынан кейін жамағатпен жүздесіп, «Құранның өмірлік қағидалары» тақырыбында ғибратты уағыз айтты.

Бас мүфти уағызында Құран – соңғы пайғамбармен кемеліне жеткен ең ұлы дін – Исламның кітабы екенін, сондықтан Ол барша адамзатқа, бүкіл ғасырда әрі барлық ғылыми деңгейде тәлім үйрететіні туралы ойларын пайымды тұжырымдармен жеткізді. 

«Құран адамзатқа аманат. Ол – ғылым мен білім, тәлім-тәрбие. Құран Кәрім – өмірдің барлық саласын қамтыған, адамдарды зұлымдықтан, надандықтан қорғап, жақсылыққа бастайтын кемел кітап. Қазіргі көптеген ғалымдар өзінің зерттеген ғылыми жұмыстарының жауабын осы Құраннан тауып жатқаны да жасырын емес. Өйткені, ғылым болашақ жайлы тұжырым жасамай, тек нәтижелерді ғана айта алады. Ал, Құран таңғажайып мұғжиза ретінде ғасырлар бұрын айтқан анықтамалары ғылымда айна қатесіз орындалып жатыр», деді Бас мүфти.

Сондай-ақ, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қасиетті Құран қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтитыны жайлы айтып өтті.

«Адамзатты надандық шырмауынан құтқарып, қараңғылықтан нұрға бастау үшін жіберілген қасиетті Құран Кәрім – жол көсетуші нұр. Құранда нәпсі тәрбиесі, ар-ождан тазалығы, өз-өзіне есеп беру, жанұяны басқару, бала тәрбиесі, әлеуметтік қатынастар, әдептілік қағидалары, адамгершілік нормалары, экономика, жаратылыс заңдылықтары, ғылым салаларының негіздері сияқты көптеген жайттар қамтылған. Құран оқылған, оған амал етілген үйде, жерде, елде тыныштық орнайды, Алланың берекеті болады», деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру