Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте кітапханаға «Мүфтият» баспасының кітаптары табысталды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 25.11.2026 212 0 пікір
Шымкентте кітапханаға «Мүфтият» баспасының кітаптары табысталды

Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен «Әл-Фараби» атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» тақырыбында рухани шара өтті. 

Игі шараға Мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметұлы, ақын, жазушы Құралбек Сағынтай, қалалық Әл Фараби атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының директоры, айтыскер ақын Анар Жаппарқұлова, ардагер имам Бекайдар Әміре, наиб имам Ахметжан Керімбек, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров және зиялы қауым өкілдері мен кітапсүйер қауым қатысты.

Кездесу барысында кітапхана қорына «Мүфтият» баспасынан жарық көрген кітаптар табыс етілді. Бұл еңбектер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында жазылып шыққан. Оқулықтарда жастар тәрбиесі, кітап оқу мәдениеті, дін мен дәстүр, отанды сүю, имандылық, адамгершілік және түрлі жат ағымдардың арбауынан сақтану т.б. өзекті тақырыптар қамтылған.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру