Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде Құдайы ас беру мәдениетіне арналған семинар өтті

Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 24.11.2026 39 0 пікір
Ақтөбеде Құдайы ас беру мәдениетіне арналған семинар өтті

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу: тәртібі мен мәзірі» тақырыбында қала имамдарына арналған семинар өтті. 

Тағылымды жиынды қаланың Бас имамы Алмат Әли ашып, басқосудың мақсаты мен маңыздылығына тоқталды.

Семинар барысында Ақтөбе облыстық «Нұр-Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Берікболұлы ас беру мәдениетіне қатысты өзекті мәселелерді кеңінен тарқатып, ҚМДБ бекіткен «Ас беру мәдениеті» және  Құдайы аста ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі) құжатын таныстырды.

Ал Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы «Ас берудегі жеті әдеп» тақырыбында насихат айтып, жиынға қатысушыларға Құдайы ас өткізудің әдебі мен мәдениетіне қатысты пайдалы мәліметтер ұсынды.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру