Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ақтөбе» медресе-колледжінің қыздар бөліміне құнды кітаптар табысталды

Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 12.11.2026 138 0 пікір
«Ақтөбе» медресе-колледжінің қыздар бөліміне құнды кітаптар табысталды

«Ақтөбе» медресе-колледжінің қыздар бөліміне классикалық діни еңбектер табысталды. Игі іс-шараны ҚМДБ-ның облыстық өкілдігіне қарасты «Әзіреті Біләл» мешіті ұйымдастырды. 

Жиынға облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов, «Әзіреті Біләл» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Панабайұлы және медресе-колледждің қыздар бөлімінің меңгерушісі Ғабит Маткаримов арнайы қатысты.

Оқулықтар ҚМДБ Оқу-ағарту бөлімі бекіткен медресе бағдарламасына сай іріктелді. Атап айтқанда, шәкірттерге араб тіліндегі екі іргелі еңбек – Пайғамбардың өмірбаяны баяндалған «Нурул-Яқин» (Ислам тарихы) және ақида-теология саласы бойынша «Дау-ул Мағали» тарту етілді.







Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру