Батыс Қазақстан облысында жаңа оқу жылына дайындық аясында «Мектепке жол – 2026» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Игі бастаманың негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ықпал ету.
Акция аясында көмекке мұқтаж 520 оқушыға мектеп сөмкелері, оқу құралдары, киім-кешек және басқа да қажетті заттар табысталды.
Қайырымдылық шарасына мешіт жамағаты мен өңірдегі жомарт жандар да атсалысып, балаларға қуаныш сыйлады.
Іс-шара барысында ұйымдастырушылар қайырымдылық пен өзара қолдаудың қоғамдағы маңызына тоқталып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, білім жолында сәттілік тіледі.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
21.08.2026
57
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру