Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық шарасы өтті

Жетісу облысы өкілдігінің Баспасөз қызметі 21.08.2026 70 0 пікір
Жетісу: «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық шарасы өтті

Жетісу облыстық «Иман» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жетісу облысы бойынша бас имамы Керімбек Сәрсембайұлының қатысуымен «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық шарасы өтті.

Іс-шара өңірдегі «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Бас имам жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларды құттықтап, білім мен ғылымның маңызы туралы насихат айтты. Сондай-ақ балаларды ізденімпаз болуға, білімді терең меңгеруге және жақсы мақсаттарға ұмтылуға шақырды.

Шара барысында бас имам мешітке келген бүлдіршіндерге қызықты сұрақтар қойып, білімге ынталы, үздік шәкірттерге ақшалай сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, биыл Жетісу облысында имамдардың ұйытқы болуымен 1000-ға жуық бала мектепке қажетті сөмке және оқу құралдарымен қамтылды. Сонымен қатар 100-ден астам балаға спорттық және мектеп формалары берілді.

«Қуанса, бала қуансын!» қағидасын негізге алған игі шара балаларға қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғамдағы қайырымдылық пен өзара жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру