Алматы облысы Қарасай ауданында дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған арнайы семинар ұйымдастырылды.
Танымдық жиынды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Бауыржан Әбдуәлі жүргізді. Басқосу барысында Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы арнайы қонақты жиналған имамдарға таныстырып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Кездесуде шариғат мәселелері, пәтуа беру әдебі, қазіргі қоғамдағы діни сауалдарға жауап беру тәсілдері, жамағатпен жұмыс жүргізудің маңызы секілді өзекті тақырыптар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар имамдардың діни білімін жетілдіру, діни қызметтегі жауапкершілік пен бірізділікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Танымдық жиынға 50 имам қатысып, білім жетілдіру курсын аяқтаған дін қызметкерлеріне арнайы сертификаттар табысталды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
22.05.2026
74
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру