Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент қаласында қажылыққа дайындық курстары басталды

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 04.05.2026 116 0 пікір
Шымкент қаласында қажылыққа дайындық курстары басталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасы аясында Шымкент қаласында қажылыққа дайындық курстары басталды.

Аталған курс үлкен қажылық сапарына Шымкент қаласы арқылы аттанатын азаматтарға арналған.

Курс барысында арнайы көрнекілік құралдар мен макеттер пайдаланылып, қатысушыларға қажылық рәсімдері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әзірлеген «Қажының рухани келбеті» құжаты таныстырылып, оның үш тарауы жеке-жеке талқыланды.

Қажылыққа қатысты дәрістерді Шымкент қаласы бойынша Қажылық бөлімінің жетекшісі Жандос Орынбайұлы, Әл-Фараби ауданындағы «Ордабасы» мешітінің бас имамы Исламқұл Иманқұлұлы және дінтанушы Мұхамеджан Естеміров жүргізді.

Курс аясында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қажетті кеңестер ұсынылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру