Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданына қарасты Байқоныс ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті.
Ауыл тұрғындары үшін үлкен қуанышқа айналған игі шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша Бас имамы Самат Қанатқалиұлы арнайы қатысып, мешіттің ресми ашылу рәсімін жасап, лентасын қиды.
Сондай-ақ, мешіт құрылысына демеушілік көрсеткен кәсіпкерлер мен жомарт жандарға, ұйымдастырушылар мен ауыл тұрғындарына алғыс білдіріп, мұндай игі бастамалардың қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті нығайтатынын жеткізді.
Ашылу рәсімінен кейін жамағатпен бірге жұма намазы оқылып, тағылымды уағыз айтылды. Уағыз барысында тазалық, имандылық, көркем мінез, өзара құрмет пен жауапкершілік мәселелері кеңінен қозғалды.
Жаңа мешіт алдағы уақытта ауыл тұрғындары үшін тек құлшылық орны ғана емес, рухани тәрбие беретін, жастарға бағыт-бағдар көрсететін қасиетті ордаға айналмақ.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
19.04.2026
217
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру