ҚМДБ Бас мүфтидің кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен барды.
Іссапар барысында өңірдегі облыстық «Бекет ата» мешітінде «Тазалық – иманнан, таза қоғам – мұсылмандықтан» тақырыбында жұма насихатын айтты.
Смайыл Сүйерқұлұлы өз сөзінде мұсылман үшін тазалықтың тек сыртқы емес, ішкі рухани тазалықпен де тығыз байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ қоғамның дамуы мен өркендеуі әрбір адамның имандылығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін жеткізді.
Насихат соңында жамағатқа ізгі тілектер айтылып, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
19.04.2026
184
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру