ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ұстаз Әйгерім Берікболқызының жүйелі дәрістерінің нәтижесінде қасиетті Құранды оқу мен меңгеруде табандылық танытқан шәкірттерді марапаттау кеші өтті.
Шара ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, ұстаз Әйгерім Берікболқызының бастамасымен ұйымдастырылып, ұзақ жылдар бойы жүргізілген тағылымды дәрістердің жемісін көрсетті.
Кеш барысында шәкірттердің еңбегі ерекше атап өтіліп, оларға арнайы тәждер мен ленталар тағылды, жетістіктерін растайтын сертификаттар табыс етілді. «Тасхих» бағыты бойынша 10 шәкірт, ал «Хифз» бағыты бойынша 30 шәкірт өз деңгейін сәтті аяқтады.
Сондай-ақ, шараға қолдау көрсеткен демеушілер мен жанашыр жандарға ризашылық білдіріліп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар ұсынылды. Танымдық ойындар шәкірттердің білімін бекітіп, рухани көңіл-күйін көтерді.
Бұл бастама Құран ілімін дәріптеуге және әйел-қыздар жамағатының рухани тәрбиесін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
03.02.2026
1049
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру