Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Таугүл» мешітіне жаңа имам тағайындалды

Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі azan.kz 30.01.2026 1291 0 пікір
Алматы: «Таугүл» мешітіне жаңа имам тағайындалды

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы қасиетті жұма күні Әуезов ауданындағы «Таугүл» мешітінде жамағатқа «Дұға жасаудың әдептері» тақырыбында уағыз айтып, жұма намазын жүргізді.

Сонымен қатар бас имам мешіт жамағатына жаңа тағайындалған имамды таныстырды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Руслан Қамбар Әуезов ауданындағы «Таугүл» мешітіне имам болып тағайындалды.

Ал осыған дейін аталған мешітте имам қызметін атқарған Ернар Қалмаханұлы Мәжен Наурызбай ауданына қарасты «Қарағайлы» мешітіне имам болып ауысты.

Шаһардың бас имамы Төлеби Дәділұлы жамағатқа бұйрықты ресми түрде хабарлап, Ернар Қалмаханұлына атқарған қызметі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ имамдардың алдағы дін жолындағы қызметіне сәттілік тілеп, «Хаққа қызмет – халыққа қызмет» қағидасының маңызын атап өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру