Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда жат діни ағымнан сақтандыруға бағытталған басқосу өтті

Атырау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі amin.kz 29.01.2026 1308 0 пікір
Атырауда жат діни ағымнан сақтандыруға бағытталған басқосу өтті

Жат ағымнан сақтандыру және жамағат арасында дұрыс діни түсінік қалыптастыру мақсатында облысқа қарасты мешіттерде қызмет атқарып жүрген білікті ұстаздардан құралған ілім алқасы ұстаздарының жиыны өтті.

Басқосуда діни білім беру сапасын арттыру, жамағатқа насихат айтуда ортақ әдістеме қалыптастыру, сондай-ақ қоғамда жиі кездесетін діни сұрақтарға сауатты әрі нақты жауап беру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар ұстаздардың тәжірибе алмасуына, оқу бағдарламаларын жүйелеуге және сабақ өткізу барысындағы өзекті тақырыптарға ерекше назар аударылды.

Жиын барысында Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы имамдар мен ұстаздардың қоғамдағы рөліне тоқталды. Ол діни сауаттылықты арттыру арқылы қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға болатынын атап өтіп, жамағатқа жеткізілетін әрбір діни ақпараттың дәлдігі мен жауапкершілігі аса маңызды екенін айтты.

Сондай-ақ жиында алдағы уақытта ілім алқасы ұстаздары арқылы мешіттерде өткізілетін дәрістердің мазмұны мен бағыты нақтыланып, жұмыстарды жоспарлы түрде жүргізу қажеттігі айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру