Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ИГІ ІСТЕРДІҢ УАҚЫТЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 25.05.2023 1150 0 пікір
«ИГІ ІСТЕРДІҢ УАҚЫТЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Алматыда «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бір жылдығына орай «Игі істердің уақыты» тақырыбында қайырымдылық форумы өтті.

Алдымен бірлестік төрайымы Рауан Бақытбекқызы алғысөз сөйлеп, қатысушыларға, одақ жұмысына белсенді атсалысып жүрген ерікті азаматтарға ризашылығын жектізді.  

Ал форумға демеушілік жасаған «Зекет және қайырмыдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы форумда арнайы баяндама жасап, соңғы жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық бағытындағы жұмыстарына ерекше балаларға қолдау көрсетуді қосқанын айрықша атап өтті.

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ерекше балаларды қолдау мақсатында оларды емдеу және сауықтыру орындарымен тығыз байланыс жасап келеміз. Бұған дейін бірнеше орталыққа қажетті құрал жабдықтарды сыйға тарттық. Сондай-ақ өткен айларда «Зекет және қайырымдылық» қорының цехында дайындалған «бизибордтар» үлестірілді. Биыл ерекше балаларға арналған бизибордтардың 1000 данасын еліміздің түкпір-түкпіріне жеткізу жоспарда бар» деді.   

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру