Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртау жамағаты табиғат аясында бас қосты

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 15.06.2022 3320 0 пікір
Теміртау жамағаты табиғат аясында бас қосты

Қарағанды облысы Теміртау қаласының имамдары мен жамағаты табиғат аясына серуенге шықты. Жамағат арасындағы бірлік, ынтымақ пен ауызбіршілікті арттыру мақсатын көздеген басқосу қала сыртындағы «Шығыс 1» демалыс орнында өтті.

Аталмыш шараның мақсаты – мешіт жамағатының ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Табиғат аясында өткізілген шара барысында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, жамағатқа ақ дастарқан жайылды. Сондай-ақ, жиналған жұртшылыққа имамдар тарапынан уағыз-насихат айтылды.

«Жамағаттың ауызбіршілігін арттыру мақсатында мешіт тарапынан игі шараларды көптеп ұйымдастырып келеміз. Бүгінгі басқосуымыз да соның бір жарқын дәлелі. Алла Тағала мұсылмандардың берекесі мен бірлігін арттырсын» деп Теміртау қаласының имамдары тілек білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру