Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Шәууәл айындағы шүкірлік

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 13.05.2022 568 0 пікір
Ақтөбе: Шәууәл айындағы шүкірлік

Кеше Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының өңірдегі өкілдігінің ұйымдастырумен Шәууал айында нәпіл ораза ұстап жатқан әйелдерге ауызашар берілді.

Руханиятты байытатын игі басқосуда облыстық орталық мешіттің наиб имамы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әли өңірдің бас имамы Серікжан Еншібайұлының атынан Рамазан айы қарсаңында Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен іс-шараларда (ауызашар, жәрмеңке және мұқтаж отбасыларға азық-түлік тарату т.б) атсалысқан қыз-келіншектерге алғыс хат табыстап, сыйлық тарту етті. Сонымен қатар «Исламдағы әйелдің орны» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Қошқарова мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Ардақ Бағдалқызы Шәууал айының қадір-қасиеті туралы және «Дұға – ғибадаттың мәйегі» тақырыбында насихат айтып, келесі Рамазанға дейін ізгі амалдарды арттыруға үндеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру