Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Salam bro» фаст-фуд өнімдері сертификатталды

halaldamu.kz 21.10.2021 2912 0 пікір
«Salam bro» фаст-фуд өнімдері сертификатталды

Еліміздегі ең ірі фаст-фуд желілерінің бірі «Salam Bro» кәсіпорны сертификатталды. «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мұсылмандардың қара шаңырағы діни басқармаға арнайы келген «Salam Bro» фаст-фуд кәсіпорны өкілдеріне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Salam Bro» – өзіндік рецептімен жылдам дайындалатын фаст-фуд өнімдерінің сан алуан түрін ұсынатын, тамақтану орындарының бірі. Халық жиі тұтынатын, сұранысқа ие кәсіпорындар мен азық-түліктерді халал сертификаттаудан өткізу аса қажет. Себебі, біздің басты мақсатымыз – тұтынушы қажеттілігін қамтамассыз ету. Осы орайда «Salam Bro» кәсіпорнының ет және нан өнімдерін дайындайтын цехы, шикізаттары мен тағамдық қоспалары түгелдей тексерілді. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал өнімдер технологиясы мен стандарт талаптары, халал тағамдық қоспалар мен зертханалық тексерістің маңыздылығы, өндіріс орнында шариғат талаптарын сақтау мәселелері жөнінде оқу-семинары өткізілді. Осы бағыттан таймай, алдағы уақытта адалдықтың айқын белгісі – «QMDB Halal» таңбасына лайықты түрде қызмет етесіздер сенемін!», – деген Айбек Асқарбекұлы «Salam Bro» кәсіпорны өкілдеріне алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

Өз кезегінде, «Salam Bro»  кәсіпорны өкілдері «Халал Даму» мамандары қызметін жоғары бағалап, «QMDB halal» таңбасына лайықты түрде қызмет атқаратындарын жеткізді.

«Salam Bro» фаст-фуд өнімдерінің Алматы қаласындағы 48 сауда нүктесі «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттары бойынша сертификаттаудан өткендігін хабарлаймыз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру