ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің барлық мешітінде оқушыларға арналған жазғы сауат ашу курстары ашылып, жемісті еңбек етіп келе жатыр. Сондай курстың бірі Қарағанды қалалық «әл-Машани» мешітінде ашылды.
Мешіт ұстаздарының ұйымдастыруымен балаларға арналған имандылық лагері жұмысын бастап, шәкірттерге Құран әліппесі, Ислам әдептері, ғибадат, пайғамбарлар тарихынан сабақтар жүргізуді қолға алды.
Жазғы сауат ашу курсы – балаларға ойын ойнатып, қызықтыра отырып, тәрбие мен білімнен сусындататын орын. Сондықтан интеллектуалды ойындар мен еңбекке баулу, қала мешіттеріне саяxат секілді оқушылардың ой-өрісін сергітетін серуендер күнделікті жоспарға енді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
08.06.2021
2744
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру