Қарағанды қаласындағы «Қазбек би» мешітінің имамы Ысқақ Абдрахманов Қаражал қаласына барған қызметтік іс-сапарында ішкі істер органдары қызметкерлерімен жүздесті.
Бас имам басқосуда қатысушыларға жиынның мән-мақсаты мен маңызын түсіндірді. Ысқақ Абдрахманов шараны ұйымдастырудағы басты мақсат деструкивті діни ахуалға жол бермеу, жастардың ешбір ағымның жетегіне ермей дұрыс жүруіне жағдай жасау екендігін тілге тиек етті.
Сондай-ақ ол деструктивті ағымдар жетегінде кеткен жастарды қоғамға қайтару үшін атқарылатын әдіс-тәсілдер туралы баяндады. Жиында бұдан бөлек қоғамда толеранттылық қалыптастыру мен радикалды идеологияға қарсы күресті күшейту жайлы ұсыныстар айтылды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
08.04.2021
2499
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру