Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ»: 5 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 07.09.2020 947 0 пікір
«ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ»: 5 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қорының Маңғыстау облысындағы филиалының ұйымдастыруымен бүгін «Ел үлесі – пәтерге» акциясының аясында 255, 256, 257, 258 және 259-шы үйлердің кілті табыс етілді.

Бұған дейін аяулы ана Бибі Жамал Әбдімәлікқызының дүниеден өткеніне қырық күн өтуіне орай еліміз бойынша 6300 отбасыға қайырымдылық көрсетілгенін хабарлаған едік. Ал ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ұсынысын қабыл алып, жұқпалы індет қаупі өршіп тұрған кезеңде еске алу рәсімін осылай өткізуді жөн санаған Бибі Жамал Әбдімәлікқызының ұрпақтары мұқтаж отбасыларға азық-түлік жеткізіп қана қоймай, Маңғыстау өңірінде баспаналы болсам деп жүрген 5 мұқтаж отбасыға пәтер кілтін табыстады.

Аталмыш қайырымдылық іс-шарасы барысында 2 пәтер Ақтау қаласынан, 3 пәтер Мұнайлы ауданынан берілді. Атап айтқанда, 4 пәтер көп жылдан бері баспана жағынан таршылық көрген 4 отбасыға бұйырса, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай шалғай ауылдардағы 30 дін қызметкерін баспанамен қамтамасыз ету шарасы аясында үш бөлмелі пәтердің кілті Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Жеңіс Селеубайға табысталды.

ҚМДБ-ның Маңғыстау өңірі бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы және өңірдегі аузы дуалы батагөй қариялардың бірі Лепес қажы Қосмағанбетұлы аталмыш іс-шараға арнайы қатысып, баспаналы болып жатқан отбасыларға ақ батасын беріп, бақ-береке тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі