Алматы облысы, Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінде Қасиетті мұхаррам айының құрметіне орай «Әдемі әуезді азаншы» IV республикалық азаншылар жарысына облыс бойынша іріктеу сайысы ұйымдастырылды.
Сайысқа Алматы облысының барлық аудандарынан 20 үміткер қатысып, азанды нақышына келтіріп орындауда өз өнерлерін ортаға салды. Жарыста қатысушылардың оқу мәнері, дауыс диапазоны мен тәжуид ережелерін сақтау деңгейі жіті назарға алынды.
Іріктеу сайысына әділқазылар алқасының құрамында «Абдуғаппар Сманов» мешітінің бас имамы Рахимов Абдухалық ұстаз, Хусамуддин Ас-Сығанақи қарилар дайындау ижаза орталығының директоры Ақжолтай Бақытжанұлы және «Орбита-3» мешітінің азаншысы Сарыбаев Қайрат Кенжебекұлы қатысып, қатысушыларға әділ бағаларын берді. Сонымен қатар, жарыс алдында жамағатқа Құран Кәрімді тәжуид ережесіне сай оқудың сауабы жөнінде уағыз айтып, сайыстың мақсат-міндетімен таныстырды.
Нәтижесінде, Талғар ауданынан келген Асанқұл Нұрбол 1 орынды (100 000 тг), Іле ауданының өкілі Хусниддин қари 2 орынды (70 000 тг), ал Қарасай ауданының үміткері Солтанбек Нұрбол 3 орынды (30 000 тг) иеленді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
hilal.kz
14.07.2025
2202
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру