Ақжайық төрінде Құрбан шалу рәсімі өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде жүзеге асырылды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев арнайы қатысып, қасиетті Құран Кәрімді оқып, дұға бағыштады.
Облыс бойынша qurban2020.kz сайты арқылы құрбан шалуға 100-ден астам тапсырыс беріліп, тапсырыстарды орындау үшін мешіт қызметкерлері қала шетіндегі «Ел ырысы» ЖШС-де құрбан шалынды. Берілген аманаттар аса ұқыптылықпен орындалып, құрбан шалу рәсімі әлі де жалғасуда.
Облыс бойынша айттың алғашқы күнінде 26 ірі қара, 290 қой малдары құрбан шалынып, әрқайсысына 4-5 келі ет салынған 379 пакеттің 379-ы мұқтаж отбасыларға жеткізілді.
Өтініш түсіру әлі де жалғасып, отбасы төмен жандарға құрбан еті есігінің алдына дейін жеткізіледі.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
01.08.2020
2957
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру