Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ОНЛАЙН ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ОҚЫЛДЫ

Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 23.05.2020 2928 0 пікір
АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ОНЛАЙН ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ОҚЫЛДЫ

Алматы Орталық мешітінде қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай бастаған 10 қари Рамазан бойы оқыған онлайн Құран хатымның дұғасын жасады.

Құран хатым дұғасына Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлы және Алматы Орталық мешітінің имамдары мен қарилары қатысты. Құран хатымның арабша нұсқасын Серік қари Ахметов оқыса, ал хатым дұғасын Еркінбек Шоқай жасады.  

Бас имам дұғасында елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі. Қасиетті Рамазан айында ұстаған ораза, оқыған тарауық намаз, берген садақа, жасаған қайырымды істеріміз бен ізгі ниетімізді, оқыған Құран хатымдарымызды қабыл етсін деп дұға етті.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру