Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Ермек Қасболатұлы ҚМДБ РАНТ жоспары аясында Ақмола облысына арнайы сапармен барды.
Наиб мүфти алдымен облыстық тарихи-өлкетану музейіне зиярат етіп, өңірдің тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен және діни-танымдық материалдармен танысты.
Осыдан кейін облыстық «Науан Хазірет» мешітінде Көкшетау қаласының имамдарына арналған семинар өткізіп, «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті: заманауи құралдарды дұрыс қолдану» тақырыбында тағылымды дәріс оқыды.
Сондай-ақ Наиб мүфти Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында офицерлер мен курсанттармен кездесіп, кейін Көкшетау қалалық «Жақия қажы» мешітінде жамағатпен жүздесті.
Ал сапардың екінші күнінде Ермек Қасболатұлы «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен жиын өткізді. Мұнда «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында дәріс оқылып, ұлттық құндылықтар мен асыл дініміздің өзара үйлесімі, жастар тәрбиесіндегі маңызы түсіндірілді.
Сонымен қатар наиб мүфти Көкшетау қаласындағы жұма намазына қатысып, «Құмар ойын – құрдымға бастар жол» тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Ал Жұма намазы алдында жергілікті кәсіпкерлерге уақыпнама табыстау рәсімі өтті.













































ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nasihat.kz
27.11.2026
108
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру