Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Наиб мүфти Сыр жамағатымен кездесті

Қызылорда облысы бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 19.11.2019 3161 0 пікір
Қызылорда: Наиб мүфти Сыр жамағатымен кездесті

Сыр өңіріне арнайы сапармен келген ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғаров мешіт жамағатымен кездесті.

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне атбасын бұрған наиб мүфти Ершат Ағыбайұлын ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы құптан намазынан кейін жаңа қызметімен құттықтап, мешіт жамағатына таныстырды.

Бұдан кейін мешіт жанындағы асханада өткен басқосуда Ершат қажы Ағыбайұлы ынтымағы жарасқан жамағатқа бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, Әз Пайғамбар Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сыр шертіп, ислам тарихына шолу жасады.

Мәуліт кешіне арналып ұйымдастырылған берекелі кеш барысында  күмбірлеген қара домбырадан күй төгіліп, терме айтылды.

Сонымен қатар, мешіт жамағаты кір тасын көтеру, қол күрес, арқан тартыс сынды спорт сайыстарында күш сынасып, жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарды иеленген мешіттер жамағаттары қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру