Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Маңғыстау облысының БАҚ өкілдеріне ауыз ашар дастарханы жайылды.
Өңірлік телеарна, радио және газет тілшілері қатысқан ауызашарда өкіл имам С.Сейтбеков Рамазанның қадір-қасиеті турасында уағыз айтып, Рамазан айында ұстаған оразамыз бен құлшылығымызды Алла қабыл етсін деп дұға тіледі.
БАҚ өкілдері дастархан жайған өкіл имамға алғыстарын білдіріп, асыл дінімізге белсене қызмет етуіне тілектес екендерін жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
08.05.2019
3774
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру