Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти «JASTAR JÁNE RÝHANIAT» аймақтық форумына қатысты (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 17.04.2019 3375 0 пікір
Наиб мүфти «JASTAR JÁNE RÝHANIAT»  аймақтық форумына қатысты (ФОТО)

 

 

Жуырда, Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бастамасы аясында өткен халықаралық шараның жалғасы ретінде ҚМДБ-ның Шымкент бойынша өкілдігі «JASTAR JÁNE RÝHANIAT»  аймақтық форумын  өткізді.

Форумға  ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, наиб мүфти Алау Әділбаев, Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті универсиетінің  ректоры Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди бастаған делегация, Шымкент қаласы ішкі саясат және дін басқармасы «Діни мәселелерді зарттеу орталығы» басшылығы және Шымкент, Түркістан, Қызылорда облысының өкіл имамдары мен дін қызметкерлері, ұстаздар мен студенттер қатысты.

Наиб мүфти,  PhD  докторы  Алау Әділбаев модераторлық еткен келелі жиында профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди «Имам Матуруди ақидасының маңызы» жайлы, «Діни мәселелерді зерттеу орталығының» директоры Асылбек Әуесханұлы «Дін мен дәстүр сабақтастығы» туралы баяндама жасады. Ал, исламтанушы, PhD  докторы Қайрат Құрманбаев «Имам Матуруди және жастар тәрбиесі» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ, форум аясында Шымкент қаласының бас имамы Б.Бейсенбаев жастарға арнайы үндеу жариялады.

Жалпы, форумда  Имам Матуруди ақидасы туралы, жастардың түрлі кереғар ағымдардан сақтануы, салт-дүстүрге берік болу, отанды сүю, білім алудың артықшылығы сынды т.б. өзекті мәселелер орталаға салынды.


Осы орайда, форумның өтуі үшін мәжіліс залын ұсынған АИУ-нің ақпараттық жаратылыстану иституты басшылығына ризашылдық білдіреміз.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру