Өкілдіке қарасты жергілікті ақпараттық-насихат тобының ЖАНТ мүшесі, Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Абдулхамид Қаттани» мешітінде «Бір мешіт, бір жамағат, бір үмбет» жобасы аясында дәстүрлі кешкі уағызды жүргізді.
Дәстүрлі кешкі уағызды белгілі имам, ЖАНТ мүшесі, дінтанушы-ұстаз Ақтөре Тұрапбай жүргізді.
Жоба аясында уағызды мешіт жанында ашылған «Мүмтаз» халал асханасында ұйымдастырылды. Дастархан барысында уағыз айтылып, Пайғамбарымыздың сүннеті амал ету, түрлі кереғар ағымдардың жетегінде кетіп қалмау сынды өзекті тақырыптарды қозғалды. Сондай-ақ, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Осы орайда, жобаның ерекше дамытып, үлгі көрсетіп жүрген аудандық мешіттің имамы Бақдаулет Нұрматұлы екенін айта кеткен жөн.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
10.04.2019
3378
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру