Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінде Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері болып, мешіт қызметкерлері болашақ заңгерлермен «сыбайлас жемқорлық дерті» тақырыбында уағыз-насихатын жүргізді.
Студент-жастарға адамды жарға жығатын жемқорлық дертінің қоғамға төндіретін қауіп-қатері туралы жан-жақты мағлұмат берілді. «Нұр-Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов пен мешіт азаншысы Жарасхан Әбдісаламов жастарды күмәнді жолдан сақтандырып, сыбайлас жемқорлықпен оңай пайда табу – мұсылманшылыққа жатпайтын күнә екендігін түсіндірді.
Студенттер қосымша сауалдар қойып, дін қызметкерлері тарапынан тиянақты жауап берілді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
nurgasyr.kz
05.04.2019
2960
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру