Түркістан қаласының Бекзат мөлтек ауданының 1988 жылы дүниеге келген 210 азамат қаржы жинап, көптен бері пәтер жалдап келген, асыраушысыз қалған көпбалалы анаға баспана сыйлады.
Нұргүл Дүйсебай қызының төрт баласы бар, біреуі мүгедек. Ол сауапты іске мұрындық болған ҚМДБ мен жомарт азаматтарға алғысын айтты.
Жалпы отбасыға бөлінген жер телімі - 8 соттық, салынған үйдің көлемі - 80 шаршы метр. Ауыз сумен қамтамасыз етілген. Айналасы қоршалған, қақпасы да орнатылған.
Жаңа үйдің кілтін облыс имамы Мұсабек Ақтамберді табыстады. Бүтін бір отбасын зор қуанышқа кенелткен игі істі "Зекет" корпоративтік қорының Түркістан облыстық және қалалық бөлімдері ұйымдастырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
01.04.2019
3279
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру