Өткен аптаның сенбі күні Алматы қаласы имамдары және мешіт жамағаттарының қатысуымен Алатау ауданы «Мырзахмет» мешітінде ұлттық-дәстүрлі сипатта Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.
Айтулы шараға ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек Керімбекұлы, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбеков және Алатау ауданының бас имамы Орынбасар Дәуренбеков қатысып, өздерінің жүрекжарды құттықтауларын жеткізді.
Алғаш сөз алған Айдар Есенбеков мырза Алматы қаласы көлемінде өтіп жатқан шараның маңыздылығына тоқталып, осындай бастамалардың көптеп ұйымдастыру керектігін айтып, жиналған жамағатты Наурыз мерекесімен құттықтады.
Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек Керімбекұлы да қала тұрғындары мен мешіт жамағатын Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, дін мен дәстүр сабақтастығы, ұлттық құндылықтар туралы кең мағлұматтар берді.
Шара қонақтары арнайы әзірленген мерекелік дастарханнан дәм татып, наурыз көжеден ауыз тиді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
azan.kz
01.04.2019
3081
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру