Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қос мұнаралы орталық мешітінде Құран жарысы болып өтті

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 01.04.2019 3139 0 пікір
Қос мұнаралы орталық мешітінде Құран жарысы болып өтті

ҚМДБ Семей аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Семей қалалық «Қос мұнаралы» орталық мешітінде «VIII Республикалық Құран жарысына» өңір бойынша іріктеу сайысы болып өтті.

Сайысқа Алланың асыл сөзі, Құран Кәрімді жаттаған 10 - нан астам талапкерлер қатысты.

Өкіл имам үміткерлердің арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын анықтап, 20 пара бойынша Кенешбай Шоқан Нұрланұлы және 10 пара бойынша Кенешбай Қуаныш Нұрланұлы. Мәнерлеп оқу бойынша Нұранов Арман Рүстемұлына жүлделі орын мен қаржылай сыйлық табыстады.

Кенешбай Шоқан Нұрланұлы бастаған жүлдегерлер 26-28-шы сәуір күндері Алматы қаласында өтетін «VIII Республикалық Құран жарысына» қатысуға жолдама алды.

Шара соңында ҚМДБ ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы бүгінгі жарыстың аса тағылымды шара болғандығын жеткізіп, Құран жаттаудың сауабы туралы айтып өтті.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру