Бүгін Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Сыр өңірінің мешіт қызметкерлерін жаппай аттестациялау басталды. Аталмыш аттестацияға арнайы комиссия тағайындалып, еліміздің барлық облыстарында дін мамандарын сынақтан өткізуде.
Кезекті аттестацияны Сыр өңірінің діни қызметкерлеріне өткізу мақсатында келген ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістандағы кеңсе басшысы А.Әділбаев, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Н.Есмағанбет бастаған комиссия құрамы аттестацияның ашылуында имамдармен кездесіп, қызметкерлерге сәттілік тіледі.
Нұрбек Әуезханұлы: «Мақсат – имамдарды емтихан арқылы қызметтен босату немесе шеттету емес, қазіргі заман талабына сай білікті де білімді кадрларды көбейту. Аттестация нәтижесіне қарай қызметкерлер білім деңгейіне сәйкес қызмет атқаратын болады», - дей келе емтиханның жүргізілу тәртібі мен бағалау критерийлерін түсіндіріп берді.
Екі күнге созылатын сынақ емтиханы 2 кезеңнен тұрады. Биылғы аттестацияның бұрынғыдан ерекшелігі - алғашқы кезең "Ақида", "Фиқһ" және заң бойынша электронды жүйеде тест тапсыру арқылы өтсе, екінші кезеңде "Құран Кәрім (қирағат, тәжуид)", "Ислам тарихы (алғашқы кезең)" және төрт құжат бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру форматында болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
26.03.2019
3016
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру