Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана: Қариды құрметпен шығарып салды

muslim.kz 23.03.2019 3142 0 пікір
Астана: Қариды құрметпен шығарып салды

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен, Жұманазар Өсерханұлы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы қызметінен босытылып, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне наиб имамы қызыметіне ауысқан болатын. Осыған орай, қасиетті жұма күні Астана жамағаты белгілі қари Жұманазар Садырхановты құрметтеп шығарып салды. 

Жұма намазына арнайы келіп, жұма уағызын айтқан ҚМДБ Шариғат және Пәтуа бөлімінің жетекшісі белгілі исламтанушы, ұстаз Сансызбай Құрбанұлы  жиналған жамағатты ұлыс күнімен құттықтады. Сонымен қатыр, Жұманазар Өсерханұлының атқарған еңбегіне тоқтала келе арнайы Бас мүфтидің алғыс хатымен марапаттады. 

Батагөй Ғабдрақман ақсақал кетіп жатқан имамға рақметін айтып қазақы дәстүрге сай иығына шапан жапты. Жаңа қызметке тағайындалған Бас имам Нұрлан Бекболатұлына сәттілік тіліп, батасын берді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру