Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Қайырымды істің сауабы мол

«Мәшһүр Жүсіп» мешіті баспасөз қызметі 17.03.2019 2918 0 пікір
Павлодар: Қайырымды істің сауабы мол

Қасиетті жұма күні қалалық «Ақмешіт» мешітінің «Әйелдер-қыздар секторы» «Қайырымды істің сауабы мол» атты тақырыппен қайырымдылық  жәрмеңкесін өткізді. Мешіт жанынан ашылған арнайы діни курста сауаттарын ашып, білім алып жүрген әйелдер шәкірттері жәрмеңкеге барынша үлестерін қосты. Жас-кәрісіне қарамастан қолдан жасалған бұйымдар, үй тағамдарын молынан әкелді. Сонымен қатар дін жанашырлары да өз үлестерін қосып, қайырымдылық ретінде кондитерлік тағамдармен көмектерін көрсетті. Жәрмеңкеден түскен қаражат ауруға шалдыққан баланың жеке шотына аударылмақ. Мешіт бас имамы Нұрлан Евфратұлы да өз кезегінде бұл шарадан тыс қалмай қайырымдылық көмекке 10 000 теңге мешіт атынан қосты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру