Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Әйелдер-қыздар» секторы шеберлік сағатын өткізді

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі 12.03.2019 2944 0 пікір

Жақында  ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар»  секторы  БҚО бойынша жетекшісі Анар Демеутованың бастамасымен «Орал» орталық мешітінің жамағаттарына арналған «Қолы шебердің  өнері өшпес» атты тегін шеберлік класы өтті.

Алдымен Анар Темірболатқызы сөз алып, арнайы келген қонақтар Эльмира Абдулова, Гүлнәр Сұлтанбекқызы, Айнұр Малғажықызын таныстырды.

Эльмира  Абдулова «Көйлек тігудің сыры», Айнұр Малғажықызы «Құрақ көрпеге ою салу», Гүлнәр Сұлтанбекқызы «Тортты дәмді пісіру» жайында шеберлік класында толық мағлұматтар айтып, қыр-сырларымен бөлісті.

Хадисте, «Кәсіптің ең жақсысы – әркімнің өз қолымен істелген ісі», деп келген. Жиналғандар шеберлік сағатында үйренгендеріне ризашылықтарын айтып,  қонақтарға өкіл имамның «Алғыс» хатын табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру