«Ислам және жастар» жылы аясында ,салауатты өмір салтын насихаттау, әйелдер жамағатының ынтымағын арттыру мақсатында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Әбішқожа мешітінің ұстазы Д.Усибалиеваның ұйымдастыруымен әйелдер-қыздар арасында «Бірінші байлық-денсаулық» атты волейболдан және жеңіл атлетикадан жарыс өтті.
Әйелдер жамағаты сайысқа белсене қатысып, ойын тартысты да қызықты өтті. Жарыс қортындысы бойынша волейболдан «Самұрық» тобы-I орын, «Кәусар» тобы -II орын, «Рахат» тобы -III орындарға ие болса, жеңіл атлетикадан Айгүл Мыңжасарова I орын, Кейікова Толғанай II орын, Әліпбай Тілекші III орындарға ие болып, жүлделі орын иегерлеріне сыйлықтар мен марапаттау қағаздары тарту етілді.
Ұйымдастырушылар спортқа қызығушылығы артқан жамағатқа алдағы уақытта мұндай спорттық шараларды жиі ұйымдастырып тұратынын айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
11.03.2019
3166
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру