Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы Орталық мешіт шәкірттеріне білім сертификаттары табысталды

Алмматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 11.03.2019 2847 0 пікір
Алматы Орталық мешіт шәкірттеріне білім сертификаттары табысталды

Жыл басынан Алматы қаласы Орталық мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсына қатысқан шәкірттерге Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлы білім сертификаттарын табыстады.

Өкіл имам өз сөзінде білім жолына сапарлаған мешіт шәкірттеріне сәттілік тіледі. Білім жолының қиын да машақатты екенін, бұл жолда тек шынайы ықылас пен табындылық керектігін ұқтырды. Сондай-ақ, асыл дініміз әрбір ер мен әйелге білім алуды парыз еткенін айтып, шәкірттерді ғылым-білімде озат болуға шақырды.

Содан Өкіл имам қазақ тілді топтарда оқитын 80 шәкіртке, ал орыс тілді топтарда оқитын 35 шәкіртке білім сертификаттарын табыстап, оларға тың серпіліс берді.  

Алматы Орталық мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсында шәкірттер Құран әліппесі мен тәжуид, ғылымхал, иман шарт, сира пәндері бойынша білім алады. Дәрістер екі тілде жүргізіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру