Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен «Жастар жылына» орай, Алматы қаласы Байкен мешітінде «Балапан қари» орталығы ашылды.
Орталықтың ашылу салтанаты бүлдіршініміздің Құран оқуымен басталды. Содан Байкен мешітінің Бас имамы Данияр Жұмабаев келген қонақтарға құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың ашылу мақсатына тоқталып өтті.
Одан әрі Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлына сөз берілді.
Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы:
Сондай-ақ, орталықтың ашылуына Бостандық ауданының бас имамы Аташов Әсет, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Ерсін Әміре және бас ұстазы Талғат Сапанов қатысып, өздерінің тілектестік ниеттерін білдірді.
«Балапан қари» орталығына жауапты ұстазы Малика Ергешова орталыққа бала қабылдау шарттарына тоқталып өтті. Ол орталыққа қабылданатын бүлдіршіндердің жасы – 5 пен 7 жас аралығында болу керектігін және балаларды дәріске алып келу-алып кету ата-ананың міндетінде екенін айтты.
Ал, мешіт ақсақалы Әбдісұлтан Оспанов атамыз орталықтың ашылуына ақ тілегін ақтарып, қол жайып бата берді.
Келген қонақтар «Балапан қари» орталығының тұсауын кесіп, бүлдіршіндердің тәлім алатын бөлмесімен танысты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.azan.kz
11.03.2019
3458
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру