Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Ақылдастар алқасы «Жастар жылы» аясында белсенділік танытпақ

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі  07.03.2019 3276 0 пікір
Шымкент: Ақылдастар алқасы «Жастар жылы» аясында белсенділік танытпақ

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты Әл-Фараби аудандық «Абдулхамид Қаттани» мешітінде ақылдастар алқасының жиыны болып өтті.

Жиында Шымкент қаласының Республикалық маңызы бар қала болуына байланысты мешіттің аудандық статусқа ие болуына орай Ақылдастар алқасы қайта құрылып, төрағасы бірауыздан мешіт имамы Бақдәулет Абдурахманов таңдалды.

Сонымен қатар, мешіттің қаржылық кіріс-шығыстары қортындыланып, мешіттің бас есепшісі Үсенқұлова Шарқия ханым алқа мүшелеріне қысқа мерзімдегі  мешіттің есебін берді. Өз кезегінде сөз алған алқа мүшелері қоғамдағы маңызды мәселелерді ортаға салып, дұрыс нәтижеленуі үшін тұшымды пікірлерін айтты.

Өз кезегінде, мешіт жанан құрылған ақылдастар алқасы жастарға өз тараптарынан қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру