Рымтай Сапарбекқызы ұйытқы болған Павлодар қалалық қажылар қауымы сәрсембінің сәтті күні орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде «2019-Жастар жылы» және Ұлыстың ұлы күнінің құрметіне орай «Имандылығым-жүрегім, салт-дәстүрім-тірегім» тақырыбында танымдық-тәрбиелік бағытта қойылым өткізді. Бұл шараға қаладағы абыз ақсақалдар, қажы ата-апалар, жастар өкілі және қалалық мешіт ұстаздары атсалысты.
Көшпелі қазақ өмірінің мәдениеті, киіз үйі, әйел-аналардың қол өнері, тұрмыстық бұйымдар көрмеде түгел орналасқан, Шаңырақта үрлеген қарын, бүйен, отбасында зергедің көрігі, қамшы, бота-құлынның ноқтасы, бұзаудың мойынтағы, лақ-қозының көгені, тоқып жатқан ши, тулақ үстінде сабап жатқан жүн, іркіт пісетін күбі, шүйке жүн иіруге арналған ұршық, төрде алаша, көрпе –жастық, ілулі домбыра, асық ойнап отырған балалар, тағысын тағы...
Қойылымда дүниеге келген сәбиге арналған барлық ғұрыптарды толық қамтыды. Мәселен, дүниеге сәби келгенде сүйінші сұрау, сүйінші сұраған балаға байғазы-көрімдік беру, нәрестені шашу шашып қарсы алу, оған аталар азан шақырып ат қою, қалжа қой сою, мойынды бұзбай тіспен мүжіп, сақтап қою, шілдехана, тыштырма, бесікке бөлеу, қалжа, шашу шаша келген әйелдер мен аналарға тиесілі жолдарын беру, нәрестенің ата-анасына бата беру қатарлы сан түрлі эпизодтарды ақсақалдар мен әжелер барынша ұқыпты, әрі шынайы орындады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.mazhab.kz
07.03.2019
4156
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру