Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Имам студенттермен кездесті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 06.03.2019 2724 0 пікір
Маңғыстау: Имам студенттермен кездесті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қ.Қамбарұлы «Ислам және жастар» жылы аясында Ақтау қаласында орналасқан «Мейірбике медициналық» колледж студенттерімен кездесті.

Наиб имам Қ.Қамбарұлы студенттермен кездесуде «Еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болуын қаласақ, алдымен жастардың рухани тәрбиесі мен біліміне, бос уақытын кіммен және немен өткізетініне аса назар аударуымыз керек, себебі күтім көрген діңгектен, жемісі мол ағаш өседі. Асыл дініміз Ислам да жастарды тәрбиелі болуға, ана-ананың үмітін ақтауға, жақсы мамандық йесі болып, қоғамда өз орнын табуға , тек қана жақсылық жасап, жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді»,- деді.

Тағылымы мол жиыннан рухани нәр алған студенттер, толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру