Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Байкен мешітінде «Балапан қари» орталығы ашылады

«Байкен» мешітінің баспасөз қызметі www.azan.kz 05.03.2019 3784 0 пікір
Алматы: Байкен мешітінде «Балапан қари» орталығы ашылады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен және «Жастар жылына» орай, Алматы қаласы Байкен мешітінде 9 наурыз күні сағат 11:00-де «Балапан қари» орталығы ашылады.

Бәріңізге белгілі, мемлекетіміз жас өрендердің келешегіне ерекше көңіл бөлуде. Осы тұрғыда, мешіт ұжымының аталмыш орталықты ашудағы басты мақсаты – буыны әлі қата қоймаған жас жеткіншектеріміздің діни сауатын ашып, қазақи салт-дәстүрге баулу, иманды да тәрбиелі, білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу.  

Сондықтан да «Байкен» мешітінің жанынан ашылатын «Балапан қари» орталығы шәкірттерді оқуға қабылдайды. Қабылданатын бүлдіршіндердің жасы – 5 пен 7 жас аралығында болу керек. Балаларды дәріске алып келу және алып кету ата-ананың міндетінде.

Толық ақпарат үшін: 8 747 649 19 57 – Мешіт ұстазы Ергешова.

Сабақ кестесі

Топтар

Жасы

Күні

Уақыты

1

Әлиф

5 жас

Сенбі

Жексенбі

10:00-10:50

2

Бә

6 жас

Сенбі

Жексенбі

11:00-11:50

3

Тә

7 жас

Сенбі

Жексенбі

12:00-12:50

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру