Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астаналық жастар қариялардың ауласын тазалады

baq.kz 05.03.2019 3139 0 пікір
Астаналық жастар қариялардың ауласын тазалады

«Астана жастары» ресурстық орталығының бастамасымен жыл сайын елорданың мыңнан астам оқушысы мен студенттері аға буын өкілдеріне аулаларды абаттандыру және үй маңындағы аумақты қардан тазарту бойынша көмекті ерікті түрде көрсетеді. Қайырымдылық акциясының аясында жастар Астананың Сарыарқа ауданы аумағына қарасты 7 мекенжайға барды. 

70-ке тарта ерікті Қарталы, Тайсойған, медеу көшелерінде орналасқан жеті үйдің ауласын тазартты. Еріктілердің айтуына қарағанда, мұндай акциялар игі шараларды жасауға, қарияларға деген құрмет сезімін нығайтуға ынталандырады. 

«Егер сізде жоғарыда аталған көмекке мұқтаж азаматтардың мекенжайлары туралы ақпарат бар болса, бізге келесі байланыс құралдары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: Instagram – astana_jastary. Call-center – 2019. E-mail - kgu.astanajastary@mail.r»", – делінген «Астана жастары» орталығының хабарламасында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру