«Нұр Астана» мешітінде «Мейірімділік мекені» акциясының аясында 10 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Алғыс айту күніне орай «Жібек» қыз-келіншектер клубының демеушілігімен 6 көп балалы отбасы мен 4 жалғызбасты анаға азық-түлікпен жәрдем берілді.
«Нұр Астана» мешітінің ұстазы Динара Нұрғалиева жетекшілік ететін «Жібек» қыз-келіншектер клубы бірнеше бағытта жұмыс істейді. Соның бірі – қайырымдылық. Ақпанның 22-де клуб мүшелерінің атсалысуымен өткен қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражатқа алынған азық-түліктің жалпы сомасы 57 000 теңге.
Айта кетейік, «Нұр Астана» мешітінде «Мейірімділік мекені» акциясы жыл бойы жүргізіледі. Акция аясында есімдерінің аталуын қаламаған игі жандардың демеушілігімен осыған дейін де көптеген шаңырақ қуанышқа бөленді. Сауапты іске мұрындық болғысы келген әрбір жан аталмыш акцияға қатыса алады.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.ummet.kz
04.03.2019
3188
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру