Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТ:  Ережеп айының келуіне орай тазалық шарасы ұйымдастырылды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі  04.03.2019 3211 0 пікір
ШЫМКЕНТ:  Ережеп айының келуіне орай тазалық шарасы ұйымдастырылды

Қасиетті Ережеп (Ражаб) айының келуіне орай, Шымкент қаласына қарасты барлық мешіттерде «Тазалық - мүміннің айнасы» акциясы ұйымдастырылды.

Тазалық жөнінде Бақара сүресінің 222-аятында: «Сөзсіз Алла тәубе еткендер мен тазалағандарды жақсы көреді», – деп, тазалықты мадақтайды. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с) адамдар жүретiн жолдың үс­тiне, тынығатын көлеңкелерде, әсiресе жемiстi ағаштардың түбiнде дәрет сындыруға болмайтындығы жөнiнде сахабаларға: «Екi түрлi қарғыс арқа­лау­дан сақ болыңдар!» дегенде, олар: «Әй, Алланың елшiсi! Екi қарғысты арқалаушы дегенiңiз кiм?» – деп сұрайды. Ол: «Адамдар жүретiн жолға немесе тынығатын көлеңкеге дәрет сындырушы» деген. (Мүслим риуаяты).

Айтулы шараға  мешіт діни қызметкерлері, «Шымкент» медресе колледжінің шәкірттері, Жастар, Халал, Зекет қорының өкілдері, мешіт қауымы қатысты.

Тазалық акциясы аясында мешіттің намаз оқу залы, қабылдау бөлмелері,  мешіттің іші мен сырты, дәретханасының тазалығына аса қатты мән берілді. 

Тазалық шарасы аясында қалаға қарасты 104 мешітте ұйымдастырылып, алдағы көктем мауысмының әр сенбі күндері тазалық шарасы өткізлетін болып шешілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру