Бүгін Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Құран сабағына қатысып жүрген әйелдер-қыздар жамағаты арасында Ар-Рахман сүресін жатқа оқудан жарыс өтті. Жарысты ұйымдастырушы Маңғыстау облыстық орталық мешітінің ұстазы А.Ахметова Құран жаттаудың артықшылығы турасында уағыз айтып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
25 үміткер қатысқан жарыстың қортындысы бойынша I- орынды Ибрагимова Камшат иеленсе, II- орынды Муналбаева Жамила, III- орынға Мусина Гүлнәз лайық деп табылды.
Жарыс соңында тәжуид ережелері пысықталып, барлық қатысушылар тест тапсырмаларын орындап, жамағаттың білім деңгейінің жоғары екендігін көрсетті.
Жүлделі орын алған және қатысқан барлық қатысушыларға марапаттау қағаздары мен сыйлықтар табысталды. Мешіт ұстазы барлық қатысқан шәкірттерге алғысын білдіріп, алда мұндай игі шаралар жалғасын табатынын жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
01.03.2019
3090
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру