ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен «Иманды ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында «Болашақ» университеті және колледжі студенттерімен кездесу өтті.
Болашақ университеті жатақханасы тұрғындарымен қалалық «Айтбай» мешітінің Бас имамы Н.Керімбеков, аталмыш университеттің колледжінде «Мүбарак» мешітінің Бас имамы Н.Махамбетов, медколледжінде «Нұр» мешітінің Бас имамы М.Үркімбаев және «Жастар ісі» секторының үйлестірушісі С.Әбіл студент жастармен кездесіп, «ата-ананы сыйлау», «Отанға сүйіспеншілік», «уақыттың қадірі», «білім алу», «мейірімді болу» секілді тақырыптарда насихат жасады. Сұхбат соңында сұрақ-жауапқа кезек беріліп, пікір алмасты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
01.03.2019
2965
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру