Нұр-Мүбарак университетінің студенттерінің кино саласынан, өнер әлемінен хабары мол екендігіне белгілі кинорежиссер, актер, продюсер Ақан Сатаев ерекше тәнті болды. Ислам діні тұрғысынан кино, өнер саласына қатысты түрлі көзқарас бары рас. Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы болашақ дін мамандарының жан-жақты, көзқарасы ашық, дүниетанымы бай білікті болғанын діттейтіндіктен, кез келген сауалға әсірешіл әрекетпен емес, шариғи тұрғыдан сауатты баға беріп, саралап қарайды. Соның бір көрінісі студенттерге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, белгілі продюссер, режиссер Ақан Сатаевпен кездесу ұйымдастыруы:
Әлемдегі ең озық голливудтық экшн-фильмдердің өзі Құрандағы Сүлеймен (а.с.) пайғамбардың қиссасымен теңесе алмайды. Сондықтан болашақта пайғамбарлар жайлы фильм түсіргім келеді. Мен ең алғаш намаз оқып, діни құлшылықтарымды өтей бастағанда кино түсіруге қатысты түрлі пікірлер естідім. Бірақ ғалымдармен сұхбаттасқанда бұл өнер қоғамға, елге пайдасы көп болса, оған рұқсат екендігі жайлы айтты. Сондықтан мен елімізге, Отан, тарихымызға пайдалы дүниелерді түсіруді қолға алдым, — деді режиссер Ақан Сатаев.
Студенттер жан-жақтан түрлі сұрақтар қойып, еліміздегі кино түсіру жағдайын ғана емес, әлемдегі киноиндустриясындағы ахуалдың ішкі тарапынан да қарау мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ болашақ жоспарында ислами құндылықтарды насихаттау немесе қазір бейнероликтерді түсіру тұрғысында қандай жағдайларды ескеру, қандай кітап оқитыны, т.б. түрлі сауалдарына жауап алды. Университеттің Оқу-әдістемелік басқарма басшысы, филос.ғ.к., доцент Жалғас Сандыбаев құрметті қонаққа елімізді әлемдік деңгейде таныстыратын туындылар түсіруіне тілектестік білдіріп, қазіргі қазақстандық киносаласындағы түйткілдерді де шарпып өтті.
Ал белгілі теолог, Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Асқар Сабдин құрметті қонаққа алғысын білдірді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
nmu.kz
28.02.2019
4106
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру