Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Берденұлының ұйытқы болуымен орталық "Иманғали" мешітінде ересектер жамағатына арналған бір айлық семинар жұмысы басталды.
Дәріс аясында қатысушылаға Құран оқу, дұға жаттау, жаназа оқу және намаз оқудағы кейбір үкімдер бойынша сабақ ұйымдастырылады. Осылайша, аптасына үш рет ұйымдастырылатын дәріс аға буынның діни ілімін арттыруға арналып отыр.
"Семинар халық арасындағы діни жоралғыларға қатысып жүрген ересектердің сұранысы негізінде ұйымдастырылып отыр. Яғни, семинар марқұмның жаназасын шығару, кебін пішу сияқты жоралғыларды мейілінше шариғат заңдылығына сай үйретуді көздеп отыр. Бір айлық дәріс соңынан кейін қатысушылар емтихан тапсырып, біліктіліктерін арттыратын болады" дейді Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров.
Ересектермен бірге, жастар жамағаты да қоса ілім алып жатқан семинардың ашылуында орталық "Иманғали" мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров арнайы дәріс оқып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
27.02.2019
2630
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру